Іле ауданында облыстық инклюзивті фестиваль екінші рет ұйымдастырылдыІле ауданының Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде «Жүректен жүрекке» атты ашық облыстық инклюзивті фестиваль екінші рет өтті. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын қолдауға, олардың өнерін көпшілікке танытуға және қоғамда мейірімділік пен тең мүмкіндіктер құндылықтарын дәріптеуге арналған тағылымды шараға Алматы облысының түкпір-түкпірінен жас өнерпаздар қатысты.Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Qazaq Community Development (Qazcomdev) қорының ұйымдастыруымен өткен фестивальді қор жетекшісі Марат Жапаров қ...